БҚО-да екі адамды жылан шағып алды
Батыс Қазақстан облысында екі тұрғынды жылан шақты. Құдай-сақтағанда, олар уыты денеге жайылмай тұрып дәрігерлерге жүгінген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылан шаққан екі адам ауруханаға дер кезінде жеткізілген. Мамандар жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмектің қалай көрсетілетінін айтты.
“Жылан шаққан адамды көлденең қалыпқа жатқызып, тыныштандыру керек. Зақымдалған аймақтан киім мен әшекейлерді шешіп тастаңыз, бұл қан айналымының бұзылуына және ісінуді күшейтуі мүмкін. Егер шаққан жыланның улы екені белгілі болса, алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары дереу жүзеге асырыла бастайды. Тістеген жерді жіппен немесе басқа құралдармен жоғары тартып байлап, шұғыл түрде жақын жердегі жедел жәрдем бөліміне бару керек”, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.