БҚО-да екі жігіт экспедиторды тонап кетті
Алмас Абылай
Фото Polisia.kz
БҚО-да екі жас жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, экспедитордан 1,8 миллион теңгесін тартып алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, оқиға 1 сәуірде Бәйтерек ауданындағы Мичурин ауылында болған. Қаскөйлер бетперде киіп, жәбірленушіні ұрып-соғып, пакет толы ақшасын үптеп кетеді. Оқиға орнына олар ВАЗ 2115 көлігімен қашып кеткен. Алайда жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 1996 және 1997 жылы туған күдіктілер ұстады. Олардың үстінен ҚК 191-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.