БҚО-да киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады
                     Uaqyt.info 
                     
  
                     
  
                
                 Фото Ашық дереккөзден
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        29 шілдеде БҚО ДП “CyberPol” қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.
Күдікті Орал қалалық ПБ-ға қарасты УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
 
             
                             
                             
                             
                             
                            


