Friday, 3 May,2024

БҚО-да мыңдаған киік қырылып қалды

Uaqyt.info
Фото

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында 1 мыңнан астам киіктің өлекесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, 1 мыңнан астам киіктің өлексесі Мұратсай су қоймасынан табылған.

Сәуір айында осы Мұратсай ауылының тұсымен киіктер Жәнібек ауданына қарай төлдеу үшін өтеді. Әлсіз болды ма, әлде бірін-бірі тапап өлтірді ме, себебі белгісіз. Қазіргі кезде «Охотзоопром» мекемесі, «Бөкейордасы» табиғи резерваты, аудан және ауыл әкімдігі қызметкерлері, ветеринар мамандар судан өлекселерді шығарып, шұңқырға көму жұмыстарын жүргізбекші. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен ғалымдар келмекші. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма қызметкерлері судан сынама алды. Жағдай бақылауда. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде, - деді Н.Даумов.

Ұсынылатын