Saturday, 23 November,2024

БҚО-да мас тұрғын су тасқыны кезінде көмекке келген құтқарушыны пышақтап тастады

Uaqyt.info
Фото

Казталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылының маңында 26 жастағы құтқарушы пышақталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

El.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды.

Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсынылатын