БҚО-да су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Тиісті шешімге облыс әкімі Нариман Төреғалиев қол қойды.
"Ресейден бастау алатын бес трансшекаралық өзенде су деңгейі көтерілуде. Соның салдарынан Қазталов және Жанғалы аудандарына құятын Қараөзен мен Сарыөзен өзендерінің су деңгейі көтеріледі. Қазір бұл аймақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Шаған мен Дерқұл өзендері қауіпті деңгейге жетіп, Жайық өзеніндегі су көлемі артып келеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде төрт мыңға жуық адам эвакуацияланды, оның жартысы балалар. Су тасқынынан зардап шеккендер үшін жедел эвакуациялау пункттері ұйымдастырылып, қажетті жағдай жасалуда", – делінген әкімдік хабарламасында.