БҚО-да тұрғын үйдегі өрттен екі адам қаза тапты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрт орнынан екі адамның мүрдесі табылды. Оқыс оқиға 10 желтоқсанда Бәйтерек ауданы Садовое ауылында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Сағат 07.25-те жеке үйдің төбесі мен жеке заттар жанған. Өрт аумағы шамамен 15 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан 40 және 30 жастағы ер адамның денесі табылды. «Тілсіз жау» сағат 08.29-да оқшауланып, 08.55-те ауыздықталды. Жалынды сөндіруге 21 адам 6 техникамен жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.