Friday, 20 September,2024

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

БҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, қайғылы оқиға 20 мамырда сағат шамамен 23.05-те Орал қаласы маңында болған. Жол-көлік апатынан 3 адам көз жұмды. Полиция апаттың неден болғанын жан-жақты тексеріп жатыр.

«46 жастағы жүргізуші»Changan«автокөлігімен Подстепный - Меловые горки жолының 5-шақырымында қарсы бетке шығып кеткен. Содан 25 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан»Volvo«жүк көлігінің жартылай тіркемесімен түйіскен. Соның салдарынан 45 жастағы жүргізушіге қоса 1977 және 2011 жылғы жолаушылар алған жарақаттарынан есін жимастан, оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды»,, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын