Saturday, 23 November,2024

БҚО-дағы атыс: күдікті анықталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

5 қыркүйек күні сағат 18:45 шамасында Сырым ауданы Аралтөбе кентінде спирттік ішімдіктерді бірге ішіп болғаннан соң, жанжал кезінде 48 жастағы ер адам бұзақылық ниетпен 34 жастағы тұрғынға аңшылық мылтықтан оқ атқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.  

Polisia.kz жазуынша, өтіп бара жатқан әйел мен баланың аяқтарына ұшқан патронның бөліктері тиген.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталды.

Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр.

Ұсынылатын