Thursday, 16 May,2024

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Бүгін елімізде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтіп жатыр. Айта кетейік, биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 31 жыл, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау сөзін жариялады.

“Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!” – деп жазды Президент.

 

 

Ұсынылатын