Sunday, 24 November,2024

Бүгін – Отбасы күні! Мемлекет басшысы ел халқын мерекемен құттықтады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Отбасы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады. Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды "Адал азаматқа" тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады", - дейді Президент. 

Сондай-ақ берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі екеніне де тоқталады.

"Мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән береді. Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі. Қазақстандағы әрбір шаңырақтың керегесі кең, босағасы берік болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұсынылатын