Бүгін – қасиетті Қадір түні
Uaqyt.info
Фото pixabay
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түнін 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түні деп бекітті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Мұсылман үшін қасиетті Қадір түні барлық түндерден ерекше қасиетке ие. Өйткені Қадір түні – бүкіл адамзатқа Құран аяттары түсе бастаған. "Қадір" – араб сөзінен аударғанда қадірлі, қасиетті деген мағынаны білдіреді. Дін өкілдерінің айтуынша, бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды.
"Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазан айының соңғы он түні мұсылман үшін өте маңызды. Себебі Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады. Сондықтан Ислам дінінде бұл түн ерекше бағаланады. Құран Кәрімде «Қадір» сүресі бар. Осының өзі-ақ бұл түннің аса ардақты екенінен хабар береді", - деп жазылған ҚМДБ сайтында.