Friday, 22 November,2024

"Бұл елді дүрліктіріп, көптің назарын аудару". Энергетика министрі елордада жиналған мұнайшылар жайлы

Алмас Абылай
Фото

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін елордаға жиналған мұнайшылар жайлы айтты. Сөзінше Жаңаөзеннен келген азаматтар ел назарын аудару үшін осындай әрекетке баруда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Министрдің сөзінше Жаңаөзеннен келген мұнайшылардың талабы айқын емес. Олардың алдына ведомства өкілдері де өзге компания қызметкерлері де шыққан. Бірақ нәтиже болмай тұр.

"Алдымен олардың нақты мәселесін түсінгіміз келеді. Мұның қандай деңгейде шешілетінін білуіміз қажет. Егер мәселені шешу министрдің немесе Үкіметтің деңгейінде шешілу қажет болса, диалог қамтамасыз етілетіні анық. Қызметкерлермен келіссөз жүргізу керегін көріп отырмын. Егер менің шығуым қажет болса, мен міндетті түрде шығамын. Олармен диалог ұйымдастырылды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері болды. Энергетика министрлігінің департамент директорлары болды. Олар диалогке кіріскен жоқ, бірақ сол маңда мәселені бақылап, адамдармен сөйлесті, талаптарын нақтылады. Қазір біз ресми ұстаным әзірлеп жатырмыз", - деді министр.

Сонымен қатар, Алмасадам Сәтқалиев бұл акция елді дүрліктіріп, көптің назарын аудару үшін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі келтіру үшін өткізіліп жатқанына тоқталды. Өйткені біздің қызметкерлер министрлік алдына өте көп адам жиналғандықтан жұмысқа кіре алмай отыр, деді ол.

Ұсынылатын