Saturday, 5 October,2024

Бұл қай Қазақстан? Статистика бюросы елдегі орташа жалақы мөлшері 365 мыңға жеткенін жариялады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі орташа жалақы мөлшері 365 502 теңгені құрағанын мәлімдеді. Тіпті былтырғы жылмен салыстырғанда айлық мөлшері 17,1 пайызға өсіп кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бюро дерегіне сүйенсек, елдегі 2023 жылғы IІ тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 240 779 теңгені құраған. Ал атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы II тоқсанда 365 502 теңгеге жеткен. 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 17,1%-ды, нақты мәнде – 1,2% көрсетті.

Өңірлік бөліністе 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Ұлытау облысында – 23,8%-ға тіркелді. Ең төменгі өсімі Түркістан облысында – 12,2%-ға байқалды.

Ұсынылатын