Sunday, 24 November,2024

Бұларға жаза жоқ па?! Көлігімен оқушыны қағып өлтірген әкім қызметінде әлі отыр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жетісу облысында оқушыны қағып өлтірген әкім Әлия Бақтиярова қызметінде әлі отыр. Айта кетейік, қайғылы оқиға 2 қарашада Ескелді ауданына қарасты Биғаш ауылының тұсында болған еді. Алған жарақаттан оқушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жетісу облыстық ПД мәліметінше, әкімнің көлігі арнайы тұраққа қойылған. Айта кетейік, бұған дейін тәртіп сақшылары кісі қағып өлтірген шендіге тек хаттама толтырып, босатып қоя берген еді.

“2 қарашада Hyundai Creta автокөлігімен 39 жастағы әйел жүргізушісі Ескелді ауданында 14 жасар баланы қағып кеткен. Жол көлік апатынан бала оқиға орнында қайтыс болған. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды. Қазір аталған факті бойынша сараптамаларды тағайындай отырып, облыстық анықтау басқармасы тергеу жүргізуде. Жол апатының жағдайларын мұқият және обьективті зерттеу үшін барлық шара қабылданып жатыр”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын