Saturday, 23 November,2024

«Бүлдіршіндерге обал». Жаңаөзендегі балалар ойын алаңында әйелдер төбелесті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Жаңаөзендегі балалар ойын алаңында екі әйел төбелесіп қалды. Жұлысқан келіншектер тіпті жылаған балаларының дауысын елер емес, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан екі әйелдің төбелесіп жатқанын байқайсыз. Тіпті бірі екіншісін төпелеп ұрып, қолындағы арбасын лақтыруда. Ал айналасындағы балалар еңіреп жылап тұр.

"Арбат ойын-сауық алаңында екі азаматша жаға жыртысты. Балалардың арасына түскен екі әйел төбелес барысында бүлдіршіндердің жылағанына да мән берген жоқ", - деп жазылған бейнежазбаға.

Әйелдердің бұл төбелесіне жазылған пікір көп. Басым бөлігі олардың тапа-тал түсте жаға жыртысқанына өкініш білдірген.

Кейіннен жергілікті полиция олардың жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізген. Бірақ олар арыз жазудан бас тартыпты. Артынша әйелдермен профилактикалық әңгіме жүргізілген. 

Ұсынылатын