Saturday, 23 November,2024

Бұлшық етін өсіру үшін қытайлық дәріні ішкен жігіт жынданып кетті

Алмас Абылай
Фото Ашық дереккөзден

Шымкенттік 18 жастағы жігіт белгісіз дәріні ішемін деп есінен адасты. Мейрамбек Тоқтарбаев денесін өсіру үшін қытайлық капсула қабылдаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы “Көреміз” бағдарламасында айтылды. 18 жастағы жігіттің ата-анасының айтуынша, баласы белгісіз препаратты қолданғаннан кейін мінез-құлқында өзгеріс пайда болған. Ол тіпті түрлі қылық шығарып, адам шошитын әрекеттерге барған. Содан кейін оның жақындары Мейрамбек Тоқтарбаевты жындыханаға жатқызуға мәжбүр болыпты.

"Дәріні бір айдай іштім. Салмақ қостым, артық күш пайда болды. Ауырып қалдым, бірақ нақты есімде жоқ. Бірақ кері әсерлерін байқамадым", - дейді Мейрамбек.

Мамандардың айтуынша, Мейрамбек ішкен дәрі мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Күмәнді препараттың елімізге қандай жолмен келгені әзірге белгісіз.

Ұсынылатын