Бурабайда бомба: 393 адам эвакуацияланды
                     Алмас Абылай 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото Ақмола облысы ПД
                                                        Ақмола облыстық полиция департаменті Бурабайдағы казиноға бомба қойылды деген ақпармен шұғыл іс-әрекетке көшті. Нәтижесінде 393 адам эвакуацияланған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Полиция дерегіне сүйенсек, 24 тамыз күні, сағат 09:49-да Бурабай аудандық полиция бөліміне қауіпсіздік қызметінің қызметкерінен "CashVille" казиносында жарылыс болу қаупі туралы ақпарат түскен.
"Полиция қызметкерлері жеке сектордың аумағын қоршап, шығып бара жатқан көліктерді тексерді. Қазіргі уақытта 393 адам эвакуацияланды. Бұл дерек ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Жарылыс техниктері ғимаратта жарылу қаупі бар заттардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Сонымен бірге күдіктінің жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", - делінген ақпаратта.
Ақмола облысының Полиция департаменті жарылғыш зат туралы көрінеу жалған хабар берген адамның қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертеді.
            


