Бурабайда қонақ үй өртеніп, 106 адам эвакуацияланды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Ақмола облысындағы Бурабай кентінде "Алматы" қонақ үйін өрт шалды. Салдарынан құтқарушылар 106 адамды эвакуациялаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Төтенше жағдайлар министрлігі дерегіне сүйенсек, оқиға 6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндіру бөлімшелерінің келуімен 3 қабатты "Алматы" қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды.
Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Қабылданған шаралармен өрт сағат 12:35-те оқшауланып, 13:00 сөндірілді.