Sunday, 8 September,2024

Бұрын болмаған жетістік: Қазақ балуаны 92 келі салмақта әлем чемпионы атанды

Алмас Абылай
Фото t.me/olympickz

Сербияда өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ұлтық Олимпиада комитеті ақпаратына сүйенсек, Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған. Бұл ел тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік.

Финалға дейін қазақстандық балуан үш қарсыласты жалпы 32:4 есебімен жеңді. Шешуші айқаста спортшы әзербайжандық Осман Нурмагомедовке есе жібергенімен, 5:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Ұсынылатын