Saturday, 23 November,2024

Бұрын да адам ұрған: Танымал актер 6,5 жылға сотталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал актер Асқар Жұмабек 6,5 жылға сотталды. Ол бұған дейін өзіне араша түсуін сұрап, Президентке үндеу жасаған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматының №2 Бостандық ауданының сотында танымал актер Асқар Жұмабекке сот үкімі шықты. Ол енді 6,5 жыл уақытын темір тордың ар жағында өткізеді. Сотталушыға бұзақылық жасады, бұзақылық пиғылда бір топ адамның денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айып тағылған.

Айта кетейік, актердің қатысуымен болған жанжал былтыр 28 желтоқсанда Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған еді. бар қызметкерлері мен қонақтардың арасында төбелес болып, соның салдарынан мекеме қызметкерлері айтарлықтай зардап шекті. Ал актер 10 ай үйқамақта отырды.

«Сотталушылардың кінәсі куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтары, сот сараптамасы қорытындысы, бейнебақылау камерасына түсіп қалған бейнежазбалар арқылы расталды», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Асқар Жұмабек өзінің бұл төбелеске ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, Президент Тоқаевтан көмек сұраған болатын. Алайда оның бұған дейін тағы бір төбелеске қатысы бар екені сотта анықталды.

Ұсынылатын