Saturday, 23 November,2024

Бұрын түрмеде отырған вице-министр Мейрамбек Бесбаевпен бірге радио ашты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев 6 қарашада жаңа жобасының таныстырылымын жасады. "Аспан FM" радиосын ол бұрынғы вице-министр Эльмира Субханбердиевамен бірігіп ашқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Аспан FM" радиосының таныстырылымы Алматыдағы ең қамбат мейрамханалардың бірінде өтті. Танымал әншінің бұл бастамасына қолдау білдіріп, желіде сәттілік тілеп жатқандар көп. Арасында сын айтқандар да табылды.

Елімізге белгілі ұстаз Аятжан Ахметжанұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы вице-министрді сынап, Мейрамбектің жаңа жобасына күмән келтірген.

“Мына кісі қазақтың ең сүйікті әншілерінің бірімен бірігіп радио ашқан ба? Мейрамбек & Суханбердиева деген бірге жұмыс істеуін көзіме еш елестете алмайды екем... Біреуі ең сүйікті, құрметтейтін әншім... Біреуі білім саласының түбіне жеткен, Астананың білім басқармасын, білім және ғылым министрлігін былықтырған, жемқорлық бабымен істі болып толық мойындап, ақша төлеп босап кеткен ең құрметсіз экс вице-министр... От пен су қосыла ма ағайын? Бұндайдан сапалы дүние шыға ма?, - деп жазды Аятжан Ахметжанұлы.

Ұсынылатын