Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов қамауға алынды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеу абақтысына қамалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл ақпаратты Антикор растады.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды”, - делінген ақпаратта.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.