Бұрынғы министр Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі
ТЖМ бұрынғы бастығы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт дерегінің өзі төтенше жағдай, адамдар қаза болды, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неге дер кезінде шара қолданбады, мүмкін немқұрайлық, қызметтік міндеттерін орындамау", - деді Ахметжанов.
Сондай-ақ ол өртті қасақан қойылуы мүмкін деген нұсқаға да тоқталып өтті.
“Тергеу жүріп жатыр, өртті қасақана қойды деген нұсқа бар. Іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Осы топта ІІМ қызметкерлері бар, тергеуді көрейік. Өрттің шығуына немқұрайлылықтың, найзағай түсудің нұсқасы бар. Сараптамалар мен іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді”, - деді Марат Ахметжанов.