Saturday, 18 May,2024

Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин Өзбекстанда көзге түсті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кеткен Асқар Мамин Өзбекстанда жүр. Ол көрші елге спорттық іс-шараның жабылу рәсіміне барған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ташкентте өткен Parimatch-Pro Hokei Ligasy 2022/2023 жылғы маусымының жабылу рәсіміне Қазақстанның хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин де қатысты. Оның ресми іс-шарада жүрген фотосы ғаламторда тарап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Асқар Мамин Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткен болатын. Ал оның орнына Әлихан Смайыловтың келгенін айта кетейік. 

Ұсынылатын