Бұрынғы Премьер-министр жемқорлық ісімен сотталды
Алмас Абылай
Фото ВВС
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан сыбайлас жемқорлық ісі бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ВВС дерегіне сүйенсек, сот шешімі шыққаннан кейін Хан Лахордағы үйінде қамауға алынған. Сот процесі 2022 жылға дейін премьер-министр болған кезде Хан мемлекеттік сыйлықтарды заңсыз сатқаны үшін кінәлі деп тапқан тергеуімен байланысты басталған.
Бұрынғы премьер-министр барлық құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жоққа шығарды. 70 жастағы Хан өткен жылы Парламенттің сенімсіздік вотумы бойынша биліктен кеткен. Содан бері ол Шехбаз Шариф бастаған қазіргі үкіметке қарсы халықтық науқанды басқарып, оны өзін биліктен кетіріп, саясаттан тыс ұстау үшін жоғары әскери басшылықпен сөз байласқан деп айыптады.