Sunday, 8 December,2024

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов сот үкіміне шағым түсірді

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Экс-министр Мұрат Бектанов сотқа аппеляциялық шағым түсірді. Оған бұған дейін 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазинформ сауалына Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Еркін Шәріпбеков жауабы келген. Онда экс-министр Мұрат Бектановтың ісі апелляциялық алқаға жолданғаны айтылады.

"М.Бектанов мамандандырылған әскери ауданаралық соттың үкімімен 2023 жылдың 24 ақпанындағы ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңдық күшіне енген жоқ, сотталушы М.Бектанов пен қорғаушысы А.Н.Подушкин үкімге шағым түсірді. Іс әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына шағым мәні бойынша қарауға жолданды", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұрынғы қорғаныс министріне Қаңтар оқиғалары кезінде “қызметін дұрыс атқармаған” деген айып тағылған еді.

Ұсынылатын