Wednesday, 27 November,2024

"Бұтымдағы киімді тізеге дейін шешті..." Жетісу облысында ер адам досының қарындасын зорламақ болды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Жетісу облысында 23 жастағы жігіт досының 6 сыныпта оқитын қарындасын зорламақ болған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба желіде тарады. Видеода үй ішінде ер жігіттің тізерлеп отырғанын аңғарасыз. Онда 23 жастағы азамат өз істеген ісін мойындап отыр.

Кейін бұл жағдайға жәбір көрген кішкентай қыздың да оқиғаны баяндап бергенін тыңдауға болады. Жасөспірім қыз анасы мен ағасы қалаға кеткенде әлгі досы үйге келіп қызды қорлауға әрекеттенген.

Төсекке жатқызып, қолымды қатты қысып ұстағанда қорқып кеттім. Кейін бұтымды тізеге дейін шешіп, өзі шешінгелі тұрғанда мен ағама айтамын деп ас бөлмеге қаштым. Ол бұл жағдайды үлкендерге айтсаң қылқындырамын деп қорқытты, - дейді жасөспірім қыз.

Аталған жағдайға байланысты Жетісу облыстық полиция департаменті күдіктіні ұстағанын хабарлады. Достық ауылының 23 жастағы тұрғыны қамауда. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұсынылатын