БҰҰ Олимпиада ойындарындағы хиджапқа тиым салу мәселесін сынға алды
Алмас Абылай
Фото
Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі басқармасы 2024 жылы Францияда өтетін Олимпиада ойындары кезінде спортшылардың хиджаб киюіне тыйым салу туралы Франция билігінің шешімін сынға алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы CNN жазды. Онда ұйымның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының баспасөз хатшысы Мария Уртадо Франция билігінің өз спортшыларына хиджаб киюге тыйым салу жөніндегі шешімін сынға алған.
"Әйелдерге нені киюге және нені киюге болмайтынын міндеттеу дұрыс емес. Бұл адам құқықтары стандарттарына сай емес, әйелге қатысты кемшітушілік іспетті. Сондықтан конвенцияға қатысушы кез келген мемлекет, бұл жағдайда Франция екі жыныстың төмендігі немесе артықшылығы идеясына негізделген кез келген әлеуметтік немесе мәдени үлгілерді өзгерту үшін барлық тиісті шараларды қабылдауы керек", - дейді Мария Уртадо.
БҰҰ бұл жағдайға Францияның спорт министрі 2 күн бұрын мәлімдеген ақпаратына қатысты алаңдаушылық білдірген.