Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел көз жұмған
2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған, - деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Сенат депутаты Жанна Асанова айтты.
"2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды", - деді Жанна Асанова.
Депутаттың айтуынша, осы мәселеге қатысты арнайы құжаты бекітіліп, мәжілістің қарауына жіберілген.
"Заң жобасы мыналарды қамтиды: зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қазір олар ҚР ӘҚБтК-де); оларды жария айыптаудың қылмыстық құқық бұзушылық санатына жатқызу; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау", - дейді депутат.