Sunday, 24 November,2024

“Cені жақсы көремін, балам”. Дәулет Тұрлыханов ұлдарымен сөйлесіп, жылап қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Депутат Дәулет Тұрлыханов ұлдары Ерасыл және Әкежанмен телефон арқылы сөйлесіп, көңілі босап қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Динамен дұрыс" бағдарламасында қонақта болған депутат өміріндегі болып жатқан соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, алдағы жоспарларына тоқталды. Журналист қос ұлына хабарласуын сұрағанда, ол көңілі босап, жылап қалды.

Әкежан, қалың қалай? Мен сені жақсы көремін, балам, Ерасыл, мен сені жақсы көремін, балам. Аман бол. Тәртіп. Жылулық керек. Жылулықты шеше берсін деп ойлаймыз ғой, анасы берсін дейміз", - деді Дәулет Тұрлыханов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың балалары адамдарды ұрды деп, қоғамда қызу талқыға түскен болатын.

Ұсынылатын