Saturday, 23 November,2024

Чехияда әкесін өлтірген студент тағы 14 адамды жайратып тастады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Прагадағы атыстан кейін елде қаралы күн жарияланды. Студент суық қарудан оқ жаудырып, 14 адамды өлтірген. Тағы 25 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Олардың 11-нің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы оқиға 21 желтоқсанда болған. Студент оқтаулы винтовкамен аудиторияға кіріп, адамдарға қарата оқ атады. Соның салдарынан 14 адам оқиға орнында көз жұмса, 25 адам ауыр жарақат алған. Айта кетейік, Дэвид Козак Карлов университетіне қарулы шабуыл жасамас бұрын әкесін өлтірген екен.

23 желтоқсан мемлекеттік қаралы күн деп жарияланды. Бұл туралы үкімет басшысы Петр Фиала айтты.

Ұсынылатын