Friday, 22 November,2024

Чилиде құс тұмауын жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Uaqyt.info
Фото Unsplash

Чилиде құс тұмауының H3N8 штаммын жұқтыру дерегі тіркелді. 53 жастағы әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы BBN басылымы жазды. Чили Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, құс тұмауын 53 жастағы әйел жұқтырған. Әзірге оның қауіпті дертті қалай жұқтырғаны белгісіз. Мамандардың зерттеуіне сүйенсек, жұқпалы грипп жабайы құстардың арасында анықталған.

Ал олардан үй құстарына жұғуы ықтимал деген болжам айтылуда. Айта кетейік, құс тұмауы белең алатын болса бүкіл әлемдегі азық-түлік қорына зиян келтіруі мүмкін.

Ұсынылатын