Sunday, 24 November,2024

Coca-Cola-ға бойкот: Сусынды жерге төккен блогер желіде қазу талқыға түсті

Uaqyt.info
Фото

Израиль өнімдеріне бойкот жариялап, Coca-Cola сусынынан бас тартуға шақырған блогердің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Ол осы арқылы Израильдің Газа секторындағы әрекетіне қарсылық білдірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Газа секторындағы мұсылмандарды қырып жатқан Израиль тауарларына бойкот жариялауымыз керек. Әрбір мұсылманның өмірі біз үшін өте қымбат. Бірақ біз жым-жырт отырмыз”, - деді блогер.

Алайда оның бұл әрекетіне қатысты желіде жазылып жатқан пікір көп.

“Мынау бір ауруға шалдыққан ғой деймін”, “Бір дүкендегі колаларды сатып алып, төккеннен түк те шықпайды. Мықты болса кола шығаратын зауытты жарып жіберсін. Сол кезде есімі тарихта қалады”, “Мықты молдаға оқыту керек мына жындыны”, “Қуады ә... Өзіміздің Алматы Шымкенттен шығатын коланың не қатысы бар?”, - деп жазды желі қолданушылары.

Ұсынылатын