Thursday, 19 September,2024

COVID-19 әлемге тағы қауіп төндіре бастады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 13-30 шілде аралығында әлемде миллионнан астам адам коронавирус инфекциясына шалдыққанын мәлімдеді. Сондай-ақ дәл осы індеттен 3 мыңнан аса адам қайтыс болған, хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараттық үн парақшасында инфекцияны жұқтырушылар саны алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда 7%-ға өсіп, өлім-жітім саны 53%-ға азайғаны көрсетілген.

“Әлемде төрт апта ішінде 1 008 194 инфекция жұқтыру және 3 132 кісі өлімі тіркелді. Төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан, COVID-19 әлі де үлкен қауіп ретінде саналады. Қадағалау, есеп беру, коронавирус дертінің алдын алу, ерте клиникалық көмек көрсету, жоғары қауіпті топтарға жататындарға қайта вакциналау жүргізу өте маңызды”, - деді ДДСҰ.

Ұсынылатын