COVID-19: Үндістанда қауіпті вирустың жаңа штамы анықталды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Үндістанда COVID-19 қауіпті вирусының жаңа штамы анықталды. Ғалымдар аурудың таралу жылдамдығы мен жұқтырғандар санының көбеюіне алаңдаулы, деп хабарлайды Uaqyt.info.
The Economic Times басылымының дерегіне сүйенсек, Үндістанда анықталған жаңа штам Eris деп аталады. Қауіпті вирус "омикроннан" шыққан. Басылымда ол алғаш рет биылғы наурыз айында анықталғаны жазылған. Өткен айда бұл штамм Ұлыбританияда да белгілі болды.
Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте елде коронавирустың 54 жаңа дерегі анықталды. Бүкіл ел бойынша белсенді жағдайлардың жалпы саны 1574-ке жетті.