- Басты жаңалықтар
- Саясат
- “Далаға кетті”. Сенат төрағасы Назарбаевтың ескерткішінің алынып тасталуына қатысты пікір білдірді
“Далаға кетті”. Сенат төрағасы Назарбаевтың ескерткішінің алынып тасталуына қатысты пікір білдірді
Астанадағы Ұлттық музейге қойылған Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынды. Естеріңізде болса, бұған дейін экс-президенттің Ұлттық қорғаныс университеті аумағындағы ескерткіші де алынған болатын. Осыған қатысты ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Ұлттық музейден алып тасталды деген ақпаратты естімедім. Жаңа Сенат отырысында болдым. Алып тастаған болса, бұл Ұлттық музейдің басшылығының шешімі шығар деп ойлаймын. Өздерінің ұстанымдарына және ішіндегі экспонаттарын жаңартуға байланысты осындай шешім қабылдаған болуы керек. Сондықтан бұл мәселеге қатысты сауалдарыңызды Ұлттық музейге қойсаңыздар. Ұлттық қорғаныс университеті аумағындағы ескерткіштің алынуы бұл университеттің заңдарына байланысты өзгерістер енгізілуіне байланысты. Ескерткішті әскери музейге апарып қойғандықтан, қаржыға салынған ақша далаға кетті деп ойламаймын”, – деді Мәулен Әшімбаев.