Даниал Ахметовтің ШҚО әкімі ретінде мерзімі бітті. Оның орнына кім келеді?

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бүгін әкім ретіндегі қызметтік мерзімі аяқталды. Ғаламторда “оның орнына кім келеді?” деген сұраққа бас қатырып жатқандар көп, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бүгін – Даниал Ахметовтің туған күні. Сонымен қатар, 69 жасқа келіп жатқан шенеуніктің әкім ретіндегі мерзімі аяқталған күн. Ғаламторда “ШҚО әкімі енді кім болады?” – деген сұраққа болжам айтып жатқандар көп. Желі қолданушыларының бір бөлігі оны өз орнында қалады десе, келесілері қызметінен кетсін деп ұран тастаған.
“Өзі болатын шығар. Тонаған ақшасын салып, тағы ұзартуы мүмкін”, “Болады деген өсек шығып жатыр”, “Шығысты жырғатқан жоқ. Орнын босатсын”, “Аман тұрғанда кетсей аға ау...тықыр таянбай тұрғанда.. Дамыған ел болып әділетті тәуелсіз сот жүйесі болғанда биліктегілердің 80% сотталып кететін еді. Шал өзі aйтқан менімен бірге болыңдар, әйтпесе бәрің де сотталып кетесіңдер деп. Жүрегінде иманы бар, туған жердің азаматы әкім болуы керек. Шығыстың тумасы. Қазақша таза сөйлейтін. Елін, жерін ойлайтын ер азамат болуы шарт!”, “Демалсын онда, 63 жастан бастап куу керек қой. Аудандарда қаншама еңбек демалысына шыққандар әкімшіліктің ішінде. 15 жыл бір орында отырған мекеме басшылары бәрін тазарту керек. Жастар келсін, орта буын замандастарымыз келсін”, - деп жазды желі қолданушылары.