Saturday, 23 November,2024

Данияда құран өртеуге тиым салынды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Данияда көпшіліктің көзінше құран өртеуге тиым салынды. Сонымен қатар бұл шектеулер қатарында библия мен тора кітаптары да бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Dw.com агенттігінің жазуынша, Дания билігі киелі кітаптарды көптің көзінше өртеуге немесе өзге де жолдармен қорлауға қылмыстық жауапкершілік енгізеді. 25 тамызда әділет министрі Петер Хуммельгорд осылай деп мәлімдеді. Мұндай шешім мұсылман елдерінде наразылық туғызған Даниядағы Құран өртеу акцияларынан кейін қабылданды.

Министрдің сөзінше, мұндай әрекет үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Ұсынылатын