Saturday, 23 November,2024

Данияр Елеусінов, Валентина Хальзова: Аты дардай спортшылар елордадағы спорт мектебінен айлық алу үшін тіркеліп алған ба?

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Журналист Михайл Козачков аты дардай спортшылардың сырын ашты. Ол бірі АҚШта, енді өзгелері күндіз-түні дайындықта жүріп, спорт мектебіне жұмысқа тіркеліп алғанын хабарлап отыр. Тіпті олардың рингте жүріп, бірақ тұрақты айлық алатынына таңғалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Журналист дерегіне сүйенсек, елдегі танымал спортшылар Астанада орналасқан №3 спорт мектебінде қызметкер ретінде тіркеуде тұрғаны анықталыпты. Тіпті балаларды спортқа баулығаны үшін қомақты жалақы, зейнетақы қорына заңды ақшасы аударылып жүрген көрінеді. Козачков бұл жағдайды еліміздің әр саласына сіңіп кеткен «өлі қызметкерлер» жүйесімен қабылданған деген күдікте.

Себебі боксшы Данияр Елеусінов ылғи да АҚШ-та жүрген суреттерін жүктейді. Сол мемлекетте жекпе-жегін өткізеді, дайындалады. Ал 2016 жылғы бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Валентина Хальзова да дәл осы мектепте тіркеуде тұр екен. Жақында спортшы Ханчжоу қаласында өтетін чемпионатқа барады.

Бұл спорт мектебінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, спортшы Марина Вольнова да бар.

Мектеп директоры 63 жастағы Мұрат Мұстафин.

Журналист осы жағдайларды ескеріп, қызметкер ретінде тіркеуде тұрған спортшыларды тексеру керегін, тіпті спорт ордасындағы құжаттарды толық сүзіп шығу керегін талап етіп отыр.

Ұсынылатын