Дәргерлерге тағы шабуыл жасалды
Шымкенттегі ауруханада науқас дәрігерлерге шабуыл жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқыс оқиға Шымкенттегі токсикологиялық орталықта болған. Жансақтау бөлімінде жатқан науқас дәрігерлерге былапыт сөз айтып, кейін оларға шабуыл жасаған. Жедел жәрдем дәрігерлері аурухананы басына көтерген науқасты әрең дегенде тыныштандырды.
“20 қыркүйек күні сағат 19:50-де Гипербариялық оксигенация орталығына 1995 жылғы азамат жедел медициналық жәрдем көлігімен жеткізілген. Жақындарының айтуынша, пациент улы сұйықтық ішкен. Науқасты дәрігерлер тексеріп, психикалық қозу жағдайының болуына байланысты, тыныштандыру, ем шараларын жүргізу мақсатында жансақтау бөлімшесіне кіргізген. Алайда науқас көмек көрсетуге қарсылық білдіріп, медициналық қызметкерлерге күш көрсеткен. Орын алған жағдай байланысты 102-қызметіне хабар берілді”, - делінген хабарламада.
Uaqyt.info. бұған дейін Талғарда дәрігерлердің соққыға жығылғанын жазған болатын.