Friday, 20 September,2024

Дариға Назарбаеваның келіні елдегі жұмыссыз халыққа тренинг өткізбекші

Алмас Абылай
Фото instagram.com/aida.a.interiors/

Дариға Назарбаеваның келіні Аида Әлиева жұмыссыз халыққа қайда орналасуға болады, қалай жұмыс табуға болатынын үйретпекші. Бірақ оның бұл ұсынысы желіде қатты сынға ұшырады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру тетіктерін үйретуді қолға аламын деген Нұрәли Әлиевтің әйелі өз бейнеүндеуін әлеуметтік парақшасында жариялаған.

"Шынын айтсам, менде бала кезден үйретуге деген қабілет бар. Әлеуметтік желіде халық сол туралы сұранысын жиі байқаймын. Құрметті достар, тұрмыстық қиын жағдайға түскен отбасыларға арналған буклет әзірлеймін. Ол жерде жұмыссыз қалған адамдарды қалай жұмысқа орналасуға болатынын, кездесу кезінде өзін қалай ұстау керегін үйретеміз", - деп жазады Назарбаевтар келіні.

Дей тұрғанымен, оның бұл мәлімдемесі жұртқа жақпай қалған болуы керек, бірден сынға ұшырады. Көп ұзамай аталмыш жазбасын өшіріп тастаған.

Ұсынылатын