Saturday, 18 May,2024

Дархан Қыдырәлі «Qazcontent» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына мүше болып сайланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Qazcontent» АҚ Директорлар кеңесі құрамының мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қуандықұлы Қыдырәлінің «Qazcontent» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамына сайлануын қамтамасыз етсін» , - делінген Үкімет қаулысында.

Ұсынылатын