Дәулет Тұрлыханов 60 жасқа толды
                     Uaqyt.info 
                     
  
                     
  
                
                 Фото Ашық дереккөзден
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов 60-қа толды. Бұл туралы оның әріптесі Мақсат Толықбай әлеуметтік желіде жазба қалдырып, мерейтой иесіне құттықтауын жолдаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Грек-рим күресінен жеті рет КСРО чемпионы атағын алған, Әлем чемпионы, бірнеше дүркін Еуропа чемпионы, екі мәрте Әлем кубогының жеңімпазы, олимпиада ойындарының жүлдегері, қысқасы қазақтың батыры Дәулет Тұрлыханов ағамыз бүгін 60 жасқа толып жатыр. Халқымыздың келешегі үшін аянбай еңбек ете беріңіз! Ұзақ ғұмыр тілеймін!”, - деп жазды Мақсат Толықбай.
Даңқты балуанды желі қолданушылары да құттықтап, ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.
 
             
                             
                             
                             
                             
                            


