Дәулет Тұрлыханов әйелді ұрған баласына қатысты пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов әйелге қол көтерген ортаншы ұлына қатысты пікір білдірді. Ол бұл жағдайдан бейхабар екен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ғаламторда тараған бейнежазба көптің қызу талқысына түсті. Онда Дәулет Тұрлыхановтың баласы Әкежан Тұрлыхановтың көшеде әйелге қол жұмсағанын көруге болады. Депутат бұл жолы да баласының ересек адам екенін және өз ісіне өзі жауап береді деп қысқа қайырды.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрлыхановтың тағы бір ұлы 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтерген еді.
“Ата-ана ретінде кім баласын жаман болсын дейді? Бұл бір. Әкежан ересек адам, сондықтан бұл істі өздері шешеді. Бұл ересек адамның жеке шаруасы. Мен бұл жаңалықты қазір сізден естіп тұрмын. Бұл туралы білген жоқпын”, - деді Дәулет Тұрлыханов.