Saturday, 23 November,2024

Дауысты қолдан жинауға әрекеттенген: Трампқа тағы бір айып тағылды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

АҚШ-тың 45-ші президенті болған Дональд Трамптың басы тағы бір дауға қалды. Ол 2020 жылы Президент сайлауында дауысты қолдан жинады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС дерегіне сүйенсек, бұл Трампқа тағылған 4-ші айып. Яғни экс-президент сайлау кезінде Джорджия штатының басшысы Брэд Раффенспергерге телефон арқылы хабарласып,  11 780 дауыс жинап беруге өтініш жасаған.

 Бұған дейін экс-президент 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін жою туралы қастандық, құпия құжаттарды заңсыз ұстау және порно жұлдызға үнсіздік үшін ақша төлеуді жасыру үшін есептілікті бұрмалау істері бойынша тергеуге ілінген.

Трамппен қатар тағы 18 адам тергелуде. Ол қатарда Ақ үйдің бұрынғы аппарат жетекшісі, жеке адвокаты және Әділет министрлігі өкілі бар.

Ұсынылатын