Sunday, 8 December,2024

Дене шынықтыру пәнінде 12 жасар оқушы көз жұмды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ташкенттегі мектептердің бірінде дене шынықтыру пәні уақытында оқушы қайтыс болды,  деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оқушылардың доппен ойыны қайғымен аяқталды. 6 сынып оқушысының көкірегіне оқыста доп тиген. Салдарынан оның тынысы тарылып, көз жұмған.

Кейіннен жергілікті білім басқармасы оқиғаны растады. Ондағы дерек бойынша оқушыны ауруханаға жеткізген. Бірақ дәрігерлер қанша күш салса да құтқара алмапты.

Алдын ала болжам бойынша баланың жүрегі тоқтап қалған.

Ұсынылатын