Денесін қуысқа көміп кеткен: Астанада 18 жасар қыздың мәйіті табылды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Астанадағы сауда орталықтары ғимараты маңынан 18 жасар қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда ғимарат артындағы қуысқа бойжеткеннің денесін көміп кеткені айтылады.
Көп ұзамай жантүршігерлік жағдайды полиция растады. Бірақ қызды көміп кеткен деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
"Елордалық полиция қалтарыстан күштеп өлтіру белгісі жоқ қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кешенді жедел тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, полицияда қыздың нақты жасы да айтылмаған. Тек мән-жай анықталатынына тоқталып отыр.