Friday, 22 November,2024

Денсаулығы сыр берген Жұлдызай Дүйсенбиева Өзбекстанға кетпек

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева Өзбекстанда операция жасатпақ. Ол бұған дейін денсаулығының сыр беріп жүргенін жазған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Актриса бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Таңғы 4-те тұрып түсірілімге барамын, әрі қарай өзбек еліне ота жасауға барамын. Сіздерді уайымдата бермей, Insta-да 3-4 күн болмаймын. Сүйінші хабармен келемін. Ал маған тілекші боп отырған жақсылар, Алла дұғаларыңызды қабыл етсін", - деп жазды актриса.

Айта кетейік, Uaqyt.info бұған дейін Жұлдызай Дүйсенбиеваның денсаулығына қатысты бірнеше материал жазған болатын. Сондай-ақ ол енді жалғыз қызынан басқа перзент сүйе алмайтынын және күйеуімен екіге айырылысқанын мәлімдеген еді. 

Ұсынылатын