Saturday, 19 April,2025

“Денсаулығым жарамай қалды”. Тоқтар Серіков елді алаңдатып қойды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал әнші Тоқтар Серіков денсаулығына байланысты алда өтетін концерттерін кейінге шегерді. Оның 31 қазан және 1 қараша күндері өтетін ән кештері желтоқсан айына ауыстырылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Ассалаумағалейкум, ағайын! Құрметті, Павлодар мен Өскемен өңірінің жұртшылығы, 31 қазан және 1 қараша күндері өтетін концертімді аяқ асты денсаулығымның жарамай қалуына байланысты басқа уақытқа ауыстыруға мәжбүр болып отырмыз. Сіздерден кешірім сұраймыз, - деп жазды парақшасында.

Ұсынылатын